Әзербайжан Қазақстан мұнайын Еуропаға экспорттауды арттыруға қолдау көрсетіп отыр

Әзербайжан Қазақстан мұнайын Еуропаға экспорттауды арттыруға қолдау көрсетіп жатыр. Тоқаев бұл үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
Будапеште Түркітілдес мемлекеттердің ұйымы бейресми саммиті өтіп жатыр. Онда мұнай, газ, уран және әлем нарығында сұранысқа ие басқа да тауарларды жеткізу тізбегін әртараптандыруда ТМҰ әлеуетін пайдалану туралы мәселе көтеріліп отыр.
«Тоқаев Қазақстан мұнайын Еуропаға экспорттауды арттыруға қолдау көрсеткені үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке алғыс білдірді», – делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тоқаевтың сөзіне қарағанда, соңғы кездері халықаралық сарапшылар Транскаспий мұнай-газ құбырын салу туралы бастама көтеріп жүр. Мұндай кең көлемді жоба Каспий төңірегіндегі елдердің жұмыла әрекет етуін талап етеді. Бұл Қазақстан мұнайын Еуропаға тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қазақстан президенті цифрландыру және ақпараттық технологияларға ерекше назар аударып отыр. Ол Каспий теңізі арқылы оптоталшықты кабельдер тартыла бастағанын айтып өтті. Бұл аймақтың цифрлық байланысын арттыра түспек.
Қазақстан логистикалық хаб ретінде дамып келеді. Елдің транзиттік әлеуеті күшейіп жатыр.