
Қазақтар – жаңа дәуір адамдары. Ойлау жүйесі өзгеше. Кореяда тұратын ресейлік блогер Влад қазақтар туралы осылай деп айтты.
Влад Өзбекстанда туылған. Ресей азаматы. Қазір Кореяда тұрып жатыр. Соңғы кездері қазақтар туралы жиі әңгіме қозғайды. Оның айтуынша, қазақтар жаңа кезеңге қадам басқан.
Қазақтардың жолы бөлек
«Бұл бейнежазбам қазақтарға арналады. Үміттеріңізді жоғалтпаңыздар, еңселеріңізді түсірмеңіздер! Мен Қазақстанды мүлде басқаша қырынан көріп отырмын. Қазақстан Украинаның жолымен жүріп бара жатқан жоқ. Украина өткен дәуірлердегі реформаларды жасады», – деп блогер жаңа көзқарас білдірді.
Ол қазақтардың болашағы жарқын деп біледі.
Қазақтар роботтар дәуіріне дайын
Оның айтуынша, қазақтар жаңа, болашақ дәуірдің реформасын бастап жатыр. Ол – роботизация дәуірі.
«Сіздердің халықтарыңыз бұған тас түйін дайын. Бір қарағанда, Қазақстанда жаңа стахановшылар шығып жатқан жоқ шығар. Бау-бақша қопарып жатқандар көрінбейді. Ондайлар бар да шығар. Бірақ аса көп емес», – дейді Влад.
Бірақ өзге қырынан алғанда, басқалардан оқ бойы алда екенін мәлімдеді.
Болашақтың адамдары
Блогердің пікірінше, қазақтар салаларда жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Әсіресе, музыка, блогерлік салаларын қазақтар жаулап алып жатыр.
«Мұның бәрі мен естігендей, қазақтардың әлсіздігі емес. Әлсіз ұлт емес, жаңа ұлт. Жаңа дәуір адамдары. Израиль, АҚШ және Еуропада да болашақтың адамдары пайда болып жатыр. Олар басқаша ойлау жүйесімен туылған», – деді ресейлік блогер.
Мүлде жалқау емес
Мұның алдында Влад қазақтардың мүлде жалқау емес екенін, Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың еңбекқорлығына тәнті екенін де айтқан болатын.
Оның сөзіне қарағанда, қазақтар жаңа мүмкіндіктерді жақсы пайдалана алады.
Петропавлда «Магнум» және «Семейный» сауда желілерін бопсалаған блогерлердің 7 жылға сотталғаны туралы жазған едік.