Украинада Ресей жағында 20 мың Орталық Азиядан келген мигрант соғысып жүр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ресей азаматтығын алған мигранттар Украинада Ресей жағында соғысуға мәжбүр / shutterstock
Ресей азаматтығын алған мигранттар Украинада Ресей жағында соғысуға мәжбүр / shutterstock

Украинада Ресей жағында 20 мың Орталық Азиядан келген мигрант соғысып жүр. Олардың дені – Ресей азаматтығын алғандар.

Бұл туралы Санкт-Петербург халықаралық құқық форумында айтылды. Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мәлімдеген.

«Жаңа» азамат майдан шебінде жүр»

«Неге екені белгісіз, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда өмір сүргісі келмейтін Ресейдің 20 мың «жаңа» азаматы бүгінде майдан шебінде жүр», — деді Бастрыкин.

Оның айтуынша, РФ әскери-тергеу басқармасы мигранттар шоғырланған жерлерде тұрақты рейдтер жүргізіп жатыр. Ресей азаматтығын алған, бірақ әскерге тіркелмеген шетелдіктерді анықталады. Оларды әскери есепке қою жұмыстары жүргізіледі.

80 мың адам ұсталған

«Біз 80 мың осындай Ресей азаматтарын ұстадық. Олар әскери комиссариатқа барғысы да келмейді. Біз оларды тіркеуге қойып, соның ішінде 20 мыңын майдан шебіне жөнелттік», — деді ол.

Демек, олар қазір Украинада Ресей жағында соғысып жүр.

Соғыс басталғалы бері Ресей құқық қорғау органдары азаматтығы бар мигранттарды әскери комиссариатқа апару үшін жиі рейд ұйымдастырып келеді.

Бас тартса, азаматтықтан айырылады

«Медиазона» басылымының жазуынша, кейбір жағдайларда бұл азаматтарды «елден шығарамыз» деп қорқытып, әскери келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлейді.

2023 жылғы қазанда Бастрыкин Ресей азаматтығын алған мигранттарды соғысқа тартуды ұсынды. Ал бас тартқан жағдайда азаматтығынан айыру қажеттігін айтты.

2024 жылғы маусымда ол Ресейде жуырда азаматтық алған 30 мыңнан астам адамды әскерге тіркеген. Оның 10 мыңын «әскери арнайы операция» аймағына окоп қазуға және қорғаныс шептерін тұрғызуға жібергенін мәлімдеген.

Шетелдіктер әскери есепке қойылады

2024 жылғы шілдеде Мемлекеттік Дума Ресей азаматтығын алған шетелдіктерді бірден әскери есепке қоюды міндеттейтін заңды қабылдады. 2024 жылғы тамызда бұл заңға Владимир Путин қол қойды.

Украинада Ресей әскерилеріне тұтқынға өз еркімен берілуге көмектесетін «Мен өмір сүргім келеді» атты мемлекеттік жоба бар. Оның мәліметінше, 2025 жылғы сәуірде 1110 өзбекстандық азаматтың келісімшартқа отырған. Олар Украинада Ресей жағында ұрысқа қатысуға мәжбүр.

Мыңдаған өзбек соғысқа кеткен

Жоба өкілдерінің айтуынша, Ресей соғысқа тарттан бұрынғы өзбекстандықтардың саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексере бастағанын хабарлады.

Мұның алдында ресейлік полиция моншада қорлық көрген қырғыздар туралы пікір білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз