
Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. 21 мамырдағы сот отырысында сотталушы Дидар Қалиахметтен жауап алынды.
Дидар Қалиахмет Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде (бұзақылық) көрсетілген әрекетті жасады деп айыпталып отыр.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыдан «Баланың қайтыс болғанын қайдан білдіңіз» деп сұрады.
«Екі күннен кейін әлеуметтік желіден көрдім. Мені ұстаған жоқ, 9 қазанда өзім бардым, куә ретінде шақырды» , – деді Қалиахмет.
Сотталушыдан жауап алынып болған соң, сот іс құжаттарын зерттеуге көшті.