«ForteBank» АҚ алғаш рет 200 млн долларға синдикатталған несие алды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock

ForteBank 200 млн долларға синдикатталған несие алды. Қаражатты Еуропа, Таяу Шығыс және Латын Американың 14 халықаралық банкінен тартқан. Мәміле жайлы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған.

Алған қаражатты банк «жалпы корпоративтік мақсаттарға, оның ішінде экономиканың нақты секторын қаржыландыруға және қаржыландыру базасын әртараптандыруға» жұмсайды.

«Сонымен қатар бұл қаражат ForteBank-ке өз клиенттеріне бизнестерін кеңейту мен дамытуға ықпал ететін тартымды шарттармен қаражат ұсына отырып қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деп хабарлайды банктен.

Мәмілені Commerzbank Commerzbank Aktiengesellschaft және MashreqBank PSC атты халықаралық банктер ұйымдастырған.

Синдикатталған несие деген не?

Синдикатталған несие – бұл бір ғана банк емес, бірнеше банктер немесе қаржы институттары бірігіп, бір ірі қарыз алушыға (мысалы, үкіметке, корпорацияға немесе банкке ) беретін қарыз түрі. Яғни, бір банктің қаржылық мүмкіндігі жетпейтін несиені бірнеше банк бірігіп, «синдикат» құрып береді.

Forte Bank – Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Болат Өтемұратовқа тиесілі. Осы жылдың алғашқы үш айында банк 45,9 млрд теңге таза пайда тапты. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 33%-ға артық.

Сондай-ақ оқыңыз