Трамп Америка мен Канада көгіне «Алтын күмбез» орнатпақшы

АҚШ алдағы үш жылда «Алтын күмбез» атты зымыранға қарсы ұлттық қорғаныс жүйесін дайындайды. Бұл туралы ел президенті Дональд Трамп ресми түрде растады. Оның құны 175 млрд долларға дейін жетеді.
«Біз осы заманауи жүйе үшін келешек ұрпақ технологияларын құрлықта, теңізде және ғарышта, соның ішінде ғарыштағы бақылау спутниктері мен тосқауыл қою құрылғыларын қолдана отырып іске асыратын архитектураны ресми түрде таңдадық», – деді Трамп Ақ үйдегі баспасөз конференциясында.
Оның сөзінше, жүйе АҚШ аумағында «100 пайыздық қорғаныс» береді. Сондай-ақ жаңа жүйе Канада аумағын да қорғай алады.
Бұл күмбез жайлы Трамп осы жылдың басында мәлімдеген еді. Ол АҚШ-қа тек ядролық қару ғана емес, «баллистикалық, қанатты және гипердыбысты зымырандар тарапынан» да қауіп бар деп түсіндірген. Қорғаныс жүйесі сол қауіптің алдын-алуы қажет. Қалқанның көлемі 3 800 000 шақырым мильге дейін жетуі керек.