Канадалық компанияның Қазақстанда мыс өндіруге қанша миллиард құйғаны мәлім болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ivanhoe Mines Қазақстанда мыс өндіруге миллиардтаған қаражат жұмсаған / фото: shutterstock
Ivanhoe Mines Қазақстанда мыс өндіруге миллиардтаған қаражат жұмсаған / фото: shutterstock

Қазақстанда мыс өндірумен айналысатын канадалық Ivanhoe Mines компаниясының басшысы Роберт Фридланд Bloomberg агенттігіне сұқбат берді. Ол әлем елдерінде, соның ішінде Қазақстандағы мыс өндірісіне миллиардтаған доллар инвестиция құйғаны туралы әңгімеледі.

«Біз кейінгі жиырма жылда 40 млрд долларға жуық инвестиция салдық. Қазақстанда, Моңғолияда және Конго Демократиялық Республикасында ірі кен орындары бар. Оларға 8 млрд доллар инвестиция құйылды. Өйткені бұл қаржы құюды талап ететін сала», – дейді Роберт Фридланд.

Кәсіпкердің пікірінше, дәл қазір мыс әлемге аса қажет металл. Ол Қазақстанда, Сауд Арабиясында, Конго және басқа да елдерде мыс өндірісінің болашағы зор деп есептейді.

Ivanhoe Mines – канадалық ірі тау-кен компаниясы. Ол биыл Қазақстандағы Шу-Сарысу мыс бассейінде геологиялық барлау жұмыстарын бастады. Мәліметтерге қарағанда, мұнда шамамен 25 млн тонна мыс қоры бар.

Сондай-ақ оқыңыз