Пәкістанда жанкешті оқушылар автобусына шабуылдап, бес адам қаза тапты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Белуджистанда оқушылар мінген автобус шабуылаа ұшырады / фото: kiprinform.com
Белуджистанда оқушылар мінген автобус шабуылға ұшырады / фото: kiprinform.com

21 мамыр, сәрсенбі күні Пәкістанның оңтүстік-батысында бір жанкешті оқушылар мінген автобусқа шабуыл жасады. Үш бала және екі ересек адам қаза тапты. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Белуджистан провинциясының шенеунігі Ясир Даштидің айтуынша, оқиға Хуздар қаласында болған. Жанкешті әскери қызметкерлердің балалары мінген автобусқа шабуылдаған. Дашти жарылыстан 38 адам зардап шеккенін мәлімдеді.

«Автобуста мемлекеттік әскери мектепте оқитын балалар отырған», – деді Хуздар полициясының қызметкері Калим Улла.

Пәкістанда мемлекеттік әскери мектептер желісі бүкіл елде бар. Оларда әскери қызметкерлердің балалары білім алады. Жергілікті әскерилердің мәлімдеуінше, шабуылдан кем дегенде үш бала және екі үлкен кісі қаза тапты.

Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алмады.

Пәкістан әдетте Белуджистан өңіріндегі шабуылдарға көрші елді айыптайды. Нью-Дели айыптарды жоққа шығарады.

Сондай-ақ оқыңыз