Toyota компаниясының жаңа RAV4 кроссовері де гибрид болады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
RAV4 кроссовері де гибрид болады / фото: shutterstock
RAV4 кроссовері де гибрид болады / фото: shutterstock

Енді Toyota Motor корпорациясы нарыққа гибрид автокөлік көп шығарады. Жапон компаниясы 2025 жылы саудаға түсетін RAV4 кроссоверін де гибрид етіп жасайды. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Естеріңізде болса, жапон компаниясы 2024 жылы Camry седанын да гидрид етіп жасаған.

«Гибрид көліктер саудасында айтарлықтай табысқа жеткен соң, RAV4 кроссоверін сатуда да осындай жетістікке жетеміз деп үміттенемін», – дейді Toyota Motor бас сауда директоры Марк Темплин.

Компания көп уақыт бойы толықтай электромобильге өтуден аяқ тартып жүрді. оның орнына гидрид көліктер шығарған жөн деп шешті. Осындай стратегия арқасында Toyota электр қуатымен жүретін өнімге сұраныстың азаюы мәселесінен оңай құтылды.

Toyota автогигантының АҚШ-та ең көп сатылатын автомобилі де гибридке айналады. Өйткені компаниясы бензинмен де, электр қуатымен де жүретін гидрид көліктерді екі есеге арттырып жатыр.

RAV4 кроссовері АҚШ-та көп сатылады / фото: toyotacenter.kz
RAV4 кроссовері АҚШ-та көп сатылады / фото: toyotacenter.kz

RAV4 кроссовері Honda CR-V, Nissan Rogue, Hyundai Tucson және Chevrolet Equinox секілді шағын автокөліктермен бәсекелес. Қазір саудада жүрген RAV4 осыдан жеті жыл бұрын шыққан. Содан бері автонарық ілгері дамып кеткенін ескерсек, оның жаңа буынға сай нұсқасын шығаратын уақыт келді.

Осы аптада тағы бір жапон автогиганты – Honda электромобиль өндірісін қысқартып, гибридке көшетінін мәлімдеген. Компания 2027 жылдан кейінгі төрт жылдың ішінде 13 гибрид модель шығаруды жоспарлап отыр. Олардың бәрі келесі буын өніміне жатады.

Бұған дейін Honda Канадада электромобиль өндірісі базасын салуды уақытша тоқтатқан. Құрылыс 10,7 млрд долларға бағаланған.

Мамандардың пікірінше, қазір автомобиль нарығында тұтынушылар сұранысын өтей білгендер ғана озып шығады. Ал қазіргі тұтынушы өнімнің заман талабына сай болғанын қалайды. Соған байланысты автокомпаниялар өнімді соны технологиялармен жабдықтап, бензинмен де, электр қуатымен де жүре алатындай етіп жасауға тырысады.

Сондай-ақ оқыңыз