Шерзаттың аузынан қан ағып жатты, оған ешкім мән бермеді – марқұм Ғайыпбаев

Талдықорғандағы сотта жәбірленуші Нұрқанат Ғайыпбаев пен сотталушыларды беттестіру сәтінде түсірілген видео көрсетілді. Ол жерде Ғайыпбаев марқұм Шерзат Полаттың құлаған сәтін сипаттап берген.
«…Шерзат «қашайықшы» деп мені тартты. Мен «Шерзат, сен қаша бер» деп қолымды ашып, Шерзатты жіберемін. Он метр жерге барады да, Шерзат құлайды. Шерзатқа сол кезде жүгіріп барамын. Қолымды кофтасының астынан салсам, қанап жатыр екен. Аузынан қан шығып жатты. «Жігіттер, тоқтандаршы, сторый шақырыңдаршы» деп айғайладым. Олардың ешқайсысы мән берген жоқ. Соңына дейін «добивать» ететінін түсіндім. Барынша Шерзатты қойныма тығып, тартып тұрдым», – деген Ғайыпбаев.
Айта кетейік, сот іс құжаттарын зерттеуге кірісті. Соның аясында тергеу барысында түсірілген видеолар көрсетіліп жатыр.