
Jetour отандық автонарықтағы жаңа көліктер арасындағы сатылымы көп брендтердің бірі. Сәуір айының қорытындысы бойынша үздік бестікке енген қытайлық бренд 4%-дық автонесие ұсынып отыр.
Арнайы ұсыныс
Аталған бренд Қазақстанда тек кроссовер сатады. Бүгінде модельдеріне 7 жылға дейін 4 пайыздық мөлшерлемемен беретін ұсыныстар әзірлеген. Ескерер жайт бұл тұста бастапқы жарна көлік құнының 50 пайызын құрауға тиіс.
Jetour модельдері
Қытайлық брендтің ең арзан моделі Jetour X50 – 9 590 000 теңгеден басталады. Екі жиынтықта ұсынылған көліктің максималдық жиынтығы базалығынан 500 мыңға қымбат (10 090 000 ₸).
Бұдан өзге модельдердің бағасы мынадай:
- X70 – 9 890 000 ₸;
- X70 жаңасы – 10 590 000 ₸;
- DASHING – 10 990 000 ₸;
- X70 PLUS – 13 090 000 ₸;
- X90 PLUS – 14 090 000 ₸;
- T2 – 16 690 000₸.
4 пайыздық несиелеу барлық модельге жүреді.
Айта кетейік, қытайлық бренд сәуір айында 1 368 көлік сатып, үздік бестікті түйіндеген. Ал тізімде бірінші тұрған Hyundai дилерлері 4 393 көлік сатқан (былтырғы сәуірмен салыстырғанда +44,4%). Chevrolet де әдеттегідей екінші орынға жайғасты (2 725; +84,5%). Үздік үштікке енген Kia-ның нәтижесі – 2 207 (+25,2%). Бұл жолы Chery бренді төртінші сатыға қайта көтерілген (1 434 (+38,8%).
Бұған дейін, сатылым лидерлері Hyundai, Chevrolet, KIA және Chery модельдеріне арналған 4%-дық бағдарламалар туралы жазғанбыз.