Изоляторда күдіктімен жыныстық қатынасқа түскен полицей 9 жылға сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Изоляторда күдіктімен жыныстық қатынасқа түскен полицей 10 жылға сотталды
Изоляторда күдіктімен жыныстық қатынасқа түскен полицей 10 жылға сотталды/Фото: Ашық дереккөз

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты «қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіні зорлады» деп айыпталған полицейге қатысты үкім шығарды.

Мән-жайы

Айыпкер 2024 жылғы 17 қыркүйекте кешкі уақытта Сарыағаш ауданының уақытша ұстау изоляторында қызметтік міндетін атқару барысында қамауда отырған азаматшамен жыныстық қатынасқа түскен.

«Келісіммен болды»

Жәбірленуші сот отырысында жыныстық қатынас келісімімен болғанын, арызды жүктілік кезіндегі депрессия жағдайында жазғанын мәлімдеген. Сотталушы да жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын, бірақ қызметтік жағдайын пайдаланғанын айтып, соттан өзін ақтауды сұраған.

Сот шешімі

Сот жәбірленушінің кешірім бергенін және айыпкердің отбасылық жағдайын жазаны жеңілдететін фактор дап танып, құқық қорғау органдарының кәсіби антын бұзғанын жазаны ауырлататын мән-жай деп тапқан.

Сот шешімімен полицей кінәлі деп танылып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Сот үкімі күшіне енбеген, сотталушының қорғаушысы апелляциялық тәртіппен шағым түсірген.

Сондай-ақ бүгін тағы бір полиция қызметкері сотталғаны туралы ақпарат шықты. БҚО-да «СОБР» қызметкері абайсызда жасалған қоңырау үшін фельдшерді өлтірген.

Сондай-ақ оқыңыз