Найзағай, бұршақ және жаңбыр: Алматыда күн күрт бұзылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
19-20 қазан ауа райы
Алматыда ауа райы бұзылады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Синоптиктер Алматыда алдағы күндері ауа райының күрт құбылатынын ескертті. 23 мамырдан бастап қалада жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанып отыр.

23 мамыр – Алматыда күн бұлтты болады. Түстен кейін жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты нөсер жаууы мүмкін. Найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Жел – оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 3–8 м/с, найзағай кезінде екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі температура +16…+18 градус, күндіз +25…+27 градус жылы болады.

24 мамыр – күн бұлтты, қайтадан жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с, найзағай кезінде екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +14…+16, күндіз +23…+25 градус.

25 мамыр – бұлтты ауа райы сақталады, күндіз жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде бұршақ жауады. Жел – батыстан және оңтүстік-батыстан, 5–10 м/с, найзағай кезінде екпіні 15 м/с-қа дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +25…+27 градус жылы болады.

Сондай-ақ оқыңыз