«Қызымды 7 қабаттан лақтырып жіберді» деген ана президентке үндеу жолдады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
"Қызымды 7 қабаттан лақтырып жіберді" деген ана президентке үндеу жолдады
«Қызымды 7 қабаттан лақтырып жіберді» деген ана президентке үндеу жолдады/Коллаж: KursivMedia

7-қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлістанның анасы Гүлістан Қамит президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

Гүлістан Қамит үндеуінде істің әділ тергелуін талап етеді. Ол қылмыстық істі ауыр баптар бойынша қайта саралауды, тергеуді Астанаға беруді және күдіктілерді қамауға алуды сұрайды.

«Мен бұл әділдікті тек қызым үшін емес, барлық аналар үшін сұрап отырмын», – делінген үндеуде.

Ақнәр Гүлстанның қазасы

Ақнәр Гүлістан 2024 жылғы 20 шілдеде терезеден құлап қаза тапқан. Бойжеткеннің өлімі бойынша ашылған іс «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша ашылған. Марқұмның анасы Гүлістан Қамит қызын таныстары азаптап, 7-қабаттан лақтырып жібергеніне сенімді. Мұны растайтын айғақ-дәлелдері барын, оны полиция іске тіркемей отырғанын айтады. Бір жылға жуық уақыттан бері әділдікке жете алмай жүргенін айтқан Гүлістан Қамитте мәселеге қоғам назарын аударғаннан басқа амал қалмаған.

Сондай-ақ оқыңыз