Белгілі журналист Диас Ахметшәріп дүниеден өтті
Жарияланды

Қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп өмірден озды. Ахметшәріп 25 жылдан астам уақыт бойы журналистика саласында еңбек етті.
Диас Ахметшәріп өзінің еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосында тілші ретінде бастаған. Кейіннен түрлі республикалық телеарналарда жұмыс істеп, спорт журналистикасының дамуына зор үлес қосты. Qazsport телеарнасының директоры қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін Диас Ахметшәріп Маңғыстауға іс сапармен барған кезде инсульт алып, комаға түскен еді.