Әскерилерге қызметтік баспана автоматты түрде беріледі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
қызметтік баспана
Әскерилерге қыземттік баспана автоматты түрде беріледі / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Әскерилерге енді қызметтік баспана автоматты түрде берілетін болады. Қорғаныс министрлі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп пилоттық жобаны іске қосты. Бұл туралы қос министрліктің бірлескен бұйрығында жазылған.

Пилоттық жобаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналына қызметтік баспана проактивті форматта мемлекеттік қызмет аясында беріледі.

Қызметтік үйге мұқтаж әскерилер Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесі негізінде таңдалады. Жүйе әскери адамға қажетті баспананы тиісті шаршы метрді ескере отырып береді. Баспана қызметкердің тіркеу есебіне қойылған күні мен уақытына қарай, тәртіпті сақтай отырып таратылады. Оларды жүйе автоматты түрде таңдайды.

Жүйе әскери қызметкердің нөміріне баспана берілетіні туралы SMS хабарлама жібереді. Хабарламаға әскери қызметкер үй қажет болса «келісем» деп жауап беруі тиіс немесе үйі бар болса, бас тарта алады.

Пилоттық жоба 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз