Кез келген адамды сымбатты ететін қымбат дәрінің бағасы түсіп жатыр

Кез келген адамды сымбатты ететін – оземпик атты қымбат дәрінің бағасы түсіп жатыр. Бұрын оған екінің бірі қол жеткізе алмайтын еді.
Оземпик миллиардерлер мен Голливуд жұлдыздарының келбеті мен сымбатын сақтауға көмектесіп келді.
Бұл дәрі қалай пайда болды?
Енді нарыққа оның жаңа және арзанырақ нұсқалары шыға бастады.
«Жұлдыздар мен элита жаңа трендті сынап көрген «сынақ көжегіне» айналып отыр. Тәжірибе өте сәтті өтті», – деп жазды Tatler журналы.
Шындығында, бұл дәрі бастапқыда адамды аздырып, сымбатты ету үшін жасалмаған. Қант диабетіне шалдыққан немесе қаупі бар адамдарды емдеу үшін ойлап табылған болатын. Ол ұйқы безінің инсулин бөлуін арттырып, тәбетті төмендетуге тиіс.
Спорт нәтиже бермесе…
Кез келген адамды сымбатты ететін дәріні жасаған дәрігерлердің бірі, канадалық доктор Дэниел Дрюкер науқастарының дені өз бетінше артық салмақтан құтыла алмағанын айтқан. Спортпен айналысу, диета ұстау және басқа да амалдар ешқандай нәтиже бермеген.
«Оземпик секілді дәрі оларға «Көрдіңдер ме, басқа дерттер секілді саған да көмек керек» деп айта алды», – дейді дәрігер.
Оземпикті Novo Nordisk атты даниялық фармацевтикалық компаниясы шығарады.
Арзан баламалары
2018 жылдан бастап сатыла бастады. Семаглутид деп аталатын заттан тұрады.
Қазір нарықта Mounjaro және басқа да баламалары бар. Айталық, Ресей «Семавик», «Квинсента» және «Инсудайв» атты семаглутидтерді шығарып жатыр. Бұл дәрі-дәрмек кез келген адамды арықтата алады.
Қазіргі кезде әлемде 900 миллион адам семіздікке шалдығып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «метоболизм пандемиясы дәуірі» келді деп жария етіп отыр.
Сонымен қатар Roche фармацевтикалық компаниясы семіздікке қарсы дәрі нарығындағы бәсекені қыздыратын жаңа препарат жасап жатқанын айтты.