Ыстықкөл жағалауындағы 14 үйдің шатырын жел ұшырып кетті

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында қатты жел тұрды. Келген шығынды азаматтық қорғаныс комиссиясы есептеп жатыр.
24 kg ақпаратына қарағанда, Қырғыз ТЖМ баспасөз қызметі қанша ғимаратқа зиян келгенін мәлімдеген.
21 мамырда Ыстықкөл маңында 14 үйдің, 1 демалыс аймағының, 2 шаруашылық нысанның шатырларын жел ұшырып әкеткен. Сондай-ақ 1 электр бағанасы мен 1 көлікке зақым келген, 9 ағаш құлаған.
Облыс бойынша жалпы зардап шеккен нысандар:
– 5 көпқабатты тұрғын үй,
– 160 жеке тұрғын үй,
– 26 әлеуметтік нысан,
– 173 шаруашылық құрылысы,
– 5 көлік,
– 1 трансформатор,
– 36 электр бағанасы,
– 370 метр электр желісі,
– 190 ағаш.
Сонымен қатар, 7 киіз үй, 1 шатыр, 1 кафе, 2 демалыс аймағы, 3 гектар құлпынай алқабы, 8 мың метр интернет-кабелі зардап шеккен.
Айта кететін жайт, Алматы мен Ыстықкөл арасында жаңа тікелей рейс ашылады.