ChatGPT чат-ботын жасаған OpenAI 6,5 млрд долларға жаңа компания сатып алды

Жарияланды 22 Мамыр 2025 11:12

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
LoveFrom стартабын құрған Джони Айв / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

ChatGPT чат-ботын жасаған OpenAI компаниясы 6,5 млрд долларға LoveFrom (io) стартабын сатып алды. Бұл компания тарихындағы ең ірі мәміле болды.

LoveFrom (io) стартабын iPhone-ның бірлескен авторы, Apple-дің бұрынғы аңызға айналған дизайнері Джони Айв құрған. Бұл келісім компанияның жасанды интеллектке негізделген гаджеттер шығара бастайтынын білдіреді.

Келісімді осы жазда, тиісті реттеуші органдардың рұқсатын алғаннан кейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал OpenAI мен Джони Айвтың компаниясы бірлесіп жасайтын алғашқы құрылғылардың нарыққа шығуы 2026 жылға жоспарланған.

Джони Айвтың OpenAI-мен серіктестігі Apple-ге де қысым тудыруы мүмкін. Себебі, компанияның бұрынғы басты дизайнері енді дәл сол салада жаңа өнімдер әзірлеуге кіріседі.

Бұған дейін OpenAI компаниясы Google-ден Chrome веб-браузерін сатып алғысы келетінін мәлімдеген.  

Сондай-ақ оқыңыз