Қапшағай жағасында құрылыс жүргізген қытайларға рұқсат бермегені анықталды

Жарияланды
Қапшағай жағалауында құрылыс басталып кетті / фото: Делия Айдарәлиева
Қапшағай жағалауында құрылыс басталып кетті / фото: Делия Айдарәлиева

Қытайға қатысы бар компания Қапшағай жағажайында құрылыс жүргізіп жатыр. Бірақ оның жобасын Балқаш-Алакөл бассейнінің инспекциясы бекітпеген болып шықты. Оны Су ресурстары және ирригация министрлігі Kursiv.Media-ға хабарлады.

Қапшағай жағажайына қатысты жанжал

Сәуірдің аяғында Қапшағай су қоймасындағы №8 жағажайды Қытайға қатысы бар «Қазақстанның Жібек жолы инвестициялық коммерциялық компаниясы» ЖШС-на тапсырғаны мәлім болды. Оның жалғыз құрылтайшысы – » Шыңжаңның На Ла Жуй Цзе бизнесін басқару компаниясы». Осы жерде аттракциондар паркін салу жоспарланған.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 30 сәуірде Kursiv.Media сауалына жауап беріп, «Жібек жолы» №8 жағажайды жөндеп жатқанын хабарлаған.

«Аттракциондар паркі салынатын жер су қорғауы аймағынан шығарылды. Қажетті құжаттардың бәрі рәсімделді», – деген баспасөз қызметіндегілер.

Су ресурстары министрлігі не дейді

Облыс әкімдігінің мәліметін тексеру үшін Kursiv.Media Су ресурстары министрлігіне шықты. Министрліктегілер «Жібек жолы» компаниясы Балқаш-Алакөл бассейні инспекциясына «Қонаев қаласында халықаралық деңгейдегі шипажай және ойын-сауық жағалауы құрылысы» жобасының сызбасын жолдағанын растады. Алайда жоба бекітілмеген.

«Инспекция жобаға келісім беруден бас тартты», – деп жауап берді министрлік. Себебі ол Су кодексі мен экология министрі жарлығының талаптарына сай келмейді.

Бұған қоса министрлік №8 жағажайдағы жер «суды қорғау аймағында орналасқанын» айтып отыр.

Суды қорғау аймағынан жағажайды бөліп алуға бола ма

Су кодексіне сәйкес, суды қорғау аумағына су нысандарына шектесіп жатқан аймақтар жатады. Су ластанбау үшін мұндай жерлерге арнайы тәртіп енгізіледі.

Мұндай жерлерде құрылыс жүргізу үшін тиісті мекемелердің рұқсатын алу қажет.

«Су нысаны толық жойылып кеткенде ғана су қорындағы жерлерді басқа санатқа ауыстыруға болады», – деп мәлімдеді шенеуніктер.

Бұған дейін Kursiv.Media Қапшағай су қоймасындағы жағажайда құрылыс жұмыстары басталып кеткенін анықтаған.

Сондай-ақ оқыңыз