
Еуропа лигасының финалында Англияның екі клубы кездесті. «Тоттенхэм» 1:0 есебімен «Манчестер Юнайтедтен» басым түсіп, Кубок иегері атанды. Мачт Бильбаода өтті.
Финалдағы жалғыз гол Бреннан Джонсонның атына жазылды. Бірінші таймның 42-минутында доп Люк Шоның қолына тиіп барып қақпаға кірген. Содан кейін бұл матчта гол соғылған жоқ.
Осылайша, «Тоттенхэм» 17 жылда алғаш рет ірі кубокқа ие болды. Ол 41 жыл бойы Еуропадағы дүбірлі жарыстарда топ жармаған.
Ал финалда жеңілген «Манчестер Юнайтед» алдағы маусымда еурокубоксыз қалатын түрі бар.