Алматыға шетелдік туристер көбірек келе бастады

Алматы Орталық Азияның туристік орталығына айналып жатыр. 2024 жылы мегаполиске 2,3 млн турист келген, оның 686 мыңнан астамы – шетел азаматтары.
Visit Almaty мәліметінше, бір жыл ішінде туристер ағыны 27%-ға жуық өскен. Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік турист Алматыны таңдайды.
Алматыға ерекше қызығушылық танытқан елдер:
Үндістан – туристер саны 2,4 есе өсті
Қытай – 50%-ға артты
АҚШ, Түркия және Оңтүстік Корея елдерінен де келушілер көбейді.
Туристердің көп келуінің бірден-бір себебі әуе рейстерінің белсенді түрде кеңеюімен байланысты. Атап айтқанда, Гуанчжоу, Дананг, Нячанг және Инин қалаларына тікелей рейстер ашылды. Сонымен қатар Шанхай, Пусан және Чэнду бағыттары жоспарланған. Air China және China Eastern компанияларымен ынтымақтастық ресми түрде бекітілді.
Қазір Алматыда 387 орналастыру нысаны жұмыс істейді, оның ішінде халықаралық деңгейдегі қонақүйлер де бар. Туристік маусымның шарықтау шегінде қонақүйлердің жүктемесі 90%-ға дейін жетеді.
Туризмнен түсетін табыс
Туристік ағынның өсуі әдетте негізгі капиталға инвестициялардың ұлғаюымен қатар жүреді. Мәселен, 2024 жылы туризмнің негізгі капиталына салынған инвестициялар 110,9 млрд теңгеге жетіп, 2,1%-ға ұлғайған. Ал осы кезеңде саладан түскен салық түсімдерінің көлемі 90,7 млрд теңгені құрап, 2023 жылғы көрсеткіштен 1,9 есе артқан.