Бишімбаев ісіндегі сарапшы Шерзат сотына шақырылды

Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың қазасына байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотқа сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қатысып жатыр.
«Өлім себебі мәйітке сараптама жасалған кезде анықталған. Кеуде қуысының кесілген жарасы салдарынан өкпе жыртылып, ішіне көп мөлшерде қан кеткеннен қайтыс болды. Қалған анықталған қанталау, сызаттар сыртқы жарақат саналады», – деді Халимназаров.
Айта кетейік, қылмыстық істе 9 сотталушы бар. Ішінде Абзал Шынасыл бұзушылық, адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу әрекетін жасады деп айыпталған.
Сотталушы Равиль Сакиев бұзақылық және адам өлтіруге оқталды деп айыпталып отыр.
Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша айыпталғандар қатарында сотталушы Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Нұрқияс Ілиясов, Дидар Қалиахмет бар. Азамат Тоқтаубаев бұзақылық және ұрлық бойынша айыпталған. Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодексінің 434-бабы (қылмысты жасыру) бойынша сотқа тартылған.
Келесі сот отырысы 2025 жылдың 28, 29 мамыры сағат 10:00-де басталады. Судья тараптарға жарыссөзге дайын болу қажет екенін айтты.