Шерзат Полат ісі: сот залынан тікелей трансляция

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат ісі жалғасып жатыр/фото: Kursiv.media

Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың қазасынан кейін қамалғандарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотталушылар қатарында 9 адам бар. Бұған дейін олардан сотта жауап алу аяқталды. Сот 21 мамырдан бастап іс құжаттарын зерттеп жатыр.

Сот залында алдымен сотталушы Нұрқияс Ілиясов пен жәбірленуші Нұрқанат Ғайыпбаевты беттестіру кезінде түсірілген видео көрсетілді. Ол жерде Ілиясов оқиға болған күні мылтықты Нұрқанаттан тартып алғанын, қолында пышақ болмағанын айтқан. Ал Ғайыпбаев Ілиясовтың «мылтықты Нұрқанат атты» деген мәлімдемесін жоққа шығарған.

Одан кейін жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишембиева мен (сол кезде) күдікті Нұрқияс Ілиясовты беттестіру кезіндегі видео көрсетілді.

Кәмелет жасына толмаған сотталушы Думан Ысқақ тергеу барысында төбелес басталған кезде қорқып қашып кеткенін айтқан.

«Кейін 777 дүкеніне (жігіттердің) артынан бардым. Көлікте жалғыз болдым. «Қамажай» дүкені жанында төбелес болып жатқанын көрген жоқпын. Тарс етіп жатқанын естіген соң қаштым», – деген Ысқақ.

Тергеуде «не себепті полицияға хабарласпадыңыз?» деген сұрақ қойылды. Ысқақ «қорықтым, болған оқиға туралы ешкімге тіс жарма» деп жауап берген.

Алайда 2025 жылдың 23 мамырындағы сот отырысында сотталушы бұл жауабын қолдамайтынын, қобалжыған соң осылай жауап бергенін айтты.

Айта кетейік, сотталушылардың ішінде Абзал Шынасыл бұзушылықадам өлтіруадам өлтіруге оқталу әрекетін жасады деп айыпталған.

Равиль Сакиев бұзақылық және адам өлтіруге оқталды деп айыпталған. Сотталушы Шыңғыс БелғожаевДархан ӘскентайНұрбол ТоқтаубаевНұрқияс ІлиясовДидар Қалиахмет бұзақылық әрекетін жасады деп айыпталып отыр. Ал Азамат Тоқтаубаев бұзақылық және ұрлық бабы бойынша сотқа тартылған. Сотталушылардың арасында кәмелетке толмаған Думан Ысқақ та бар. Ол қылмыстық кодексінің 434-бабы (қылмысты жасыру) бойынша сотқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыз