Фильм прокатынан түскен қаражаттан кім, қанша көлемде алады әрі ол қалай реттеледі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General news бөлімінің тілшісі
Фильм прокатынан түскен қаражаттан кім, қанша көлемде алады әрі ол қалай реттеледі
Фильм прокатынан түскен қаражаттан кім, қанша көлемде алады әрі ол қалай реттеледі/Фото: KursivMedia архиві

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали фильм прокатынан түсетін қаржыны реттеу мәселесі заңдық тұрғыда шешілуі керек екенін айтты.

Оның сөзінше, прокаттан түскен қаржының 55 пайызын кинотеатр, 7 пайызын дистрибьюция жүргізетін компания алып, қалған 48 пайызы фильмді түсірген компанияның табысы ретінде есептеледі.

«Мұны заң шеңберінде министрлік тарапынан қарастырып, ақылдасып реттеу керек деп ойлаймын», – деді Құрманбек Жұмағали Астанада өткен Отандық киноиндустрияны дамыту мәселелері бойынша брифингте.

Ұлттық киноны қолдау орталығы төрағасы мемлекет қаржысына түсірілген фильмдерге қатысты кинотеатрларда «әлеуметтік жауапкершілік» деген болуы керектігін атап өтті.

«Пайыздық мөлшерлеменің Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Қазақфильм түсірген фильмдерге қолданылуы бойынша кинотеатрлармен ақылдасқанбыз. Олар кез келген уақытта диалогқа келуге дайын екенін жеткізіп отыр әрі жеңілдік жасауға да дайын», – деді ол.

Бұған дейін жиын барысында ҚР мәдениет және ақпрат министрлігінің Мәдениет комитеті Кинематография басқармасының басшысы Ғани Мұратов қандай фильмдер прокатқа шығарылмайтынын түсіндірген.

Сондай-ақ оқыңыз