Қазақстандықтар арасында онлайн тапсырыс қарқынды түрде артып жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстандықтар арасында онлайн тапсырыс қарқынды түрде артып жатыр
Қазақстандықтар арасында онлайн тапсырыс қарқынды түрде артып жатыр/Коллаж: KursivMedia

2024 жылы Қазақстандағы электрондық коммерция платформалары арқылы 152,5 млн тауарға тапсырыс тіркелген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28%-ға көп. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлім етті.

Әр қазақстандыққа шаққанда (жасына қарамастан) 2023 жылы 6 тапсырыс келсе, өткен жылы 7,6 тапсырыстан айналған.

«Қанша тауар сатып алынғаны бізге белгісіз, бірақ төлем сомасын білеміз – 2,7 трлн тг. Жылдан жылға көлемі номиналды түрде жарты есеге өскен, ал жалпы инфляцияны ескерсек, 39%-ға артқан. Орташа чек те өскен: 2024 жылы бір тапсырысқа орта есеппен 17,6 мың жұмсалған болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 14,8 мың болған еді» делінген хабарламада.

2024 жылы маркетплейстердегі тапсырыстардың негізгі үлесі телефондар мен гаджеттерге тиесілі болған. Олардың үлесіне жалпы көлемнің 27%-ы немесе шамамен 735 млрд теңгесі (+51% номиналды өсім) тиесілі.

Ал ең жоғары өсім қарқынын киім/аяқ киім/спорт тауарлары санаты көрсеткен., мұнда сомасы номиналды түрде 4 есеге өскен.

Ал төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі 2023 жылғы 4%-дан өткен жылы 10%-ға дейін көтерілген (277,4 млрд тг).

Бұған дейін, қазақстандықтар тауар сатып алу үшін негізінен шетелдік онлайн сервистерді таңдайтыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз