Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандап жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Brent мұнайы арзандап жатыр
Әлемдік нарықта Brent мұнайы арзандап жатыр / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Бүгін таңертең әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы да төмендеді. Бұған мұнай экспорттаушы елдер ұйымы – ОПЕК+ өндірісті шілде айында қайтадан көбейтеді деген ақпарат себеп болды.

Лондонда Brent маркалы мұнай баррелі $63,99 болса, Нью-Йорктағы саудада америкалық WTI маркасы $60,74-ке түсті. Екі брендтің де бағасы бір күн бұрынғыдан шамамен 0,7%-ға төмендеген.

ОПЕК+ не істемек?

штеледік ақпарат көздерінің жазуынша, ОПЕК+ елдері шілдеде мұнай өндіруді үшінші рет қатарынан жеделдетіп арттыру жағын қарастырып жатыр. Бұған дейін, яғни мамыр мен маусым айларында, олар өндіріс көлемін жоспардан үш есе көп арттырған болатын.

Сарапшылар бұл жағдай нарыққа қатты әсер етуі мүмкін дейді.

«Бұл шешім бағаның қайда қарай бет алатынын анықтайды», – дейді Again Capital компаниясының сарапшысы Джон Килдафф.

Ал ING банкінің өкілі Уоррен Паттерсон:

«Егер ОПЕК+ өндірісті шілдеде де ұлғайтса, бұл ұйымның енді бағаны емес, нарықтағы өз үлесін сақтап қалуға жұмыс істеп жатқанын көрсетеді», – деп отыр.

Былтыр Қазақстан экспорты 12%-ға қысқарды. Негізгі экспорттық тауар – шикі мұнай мен битуминозды жыныстардан алынған мұнай өнімдері.

Сондай-ақ оқыңыз