Дональд Трамп ЕО тауарларына 50 пайыз баж салығын енгізуді ұсынды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Дональд Трамп
Дональд Трамп ЕО тауарларына салық салмақ / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 1 маусымынан бастап ЕуроОдақтан (ЕО) келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізуді ұсынды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Сауда келіссөздерінен нәтиже жоқ

Дональд Трамптың айтуынша, Еуроодақпен сауда мәселелері бойынша келіссөз еш нәтиже бермей отыр.

«Еуропалық Одақ — АҚШ-пен саудадан пайда табу үшін құрылған ұйым. Олармен тіл табысу өте қиын болды. Келіссөздер еш нәтижеге әкелмеді», — деп жазды Трамп.

Осыған байланысты ол АҚШ әкімшілігіне ЕО елдерінен импортталатын тауарларға 50% көлемінде баж салығын енгізуді ұсынды.

АҚШ пен ЕО арасындағы шиеленіс

Financial Times газетінің дерегінше, соңғы уақытта АҚШ пен ЕО арасындағы сауда келіссөздері қайта жанданды. Алайда Вашингтон Еуропадан америкалық тауарларға салынатын тарифтерді біржақты төмендетуді талап етіп отыр. Ақ үйдің мәлімдеуінше, мұндай қадамдар болмаса, келіссөздер тоқтап қалуы мүмкін.

Ал Bloomberg агенттігі ЕО шамамен €100 млрд көлемінде АҚШ тауарларына қарсы қосымша баж салығын енгізуді қарастырып жатқанын хабарлады. Бұл шаралар келіссөздер сәтсіз аяқталса, қарсы жауап ретінде қолға алынуы мүмкін.

Жеңілдік мерзімі аяқталуға жақын

2025 жылдың сәуір айында ЕО АҚШ-тың болат пен алюминийге енгізген 25% тарифтеріне жауап ретінде қарастырылған қарсы шараларды 90 күнге шегерген еді. Бұл шешім АҚШ тарапынан бірқатар тауарларға салықты уақытша 20%-дан 10%-ға дейін төмендеткеннен кейін қабылданған. ЕО басшысы Урсула фон дер Ляйен келіссөздерге мүмкіндік беру үшін осындай қадам жасалғанын мәлімдеген.

Алайда келіссөздер нәтиже бермесе, ЕО-ның қарсы шаралары күшіне енетіні ескертілген.

Сондай-ақ оқыңыз