1 шілдеден Қазақстанда газ бағасы қымбаттайды
Жарияланды

Қазақстанда тауарлық газ бағасы қымбаттайды. Жаңа бағаларды Энергетика министрі Ерлан Аккенженов бекітті. Өзгерістер 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап 2026 жылдың 30 маусымына дейін күшінде болады.
Астана, Алматы және Шымкенттегі жаңа бағалар:
- Астанада – 39 900 теңге (2024 жылы 29 700 теңге болған)
- Алматыда – 39 040 теңге (бұрын 29 800 теңге)
- Шымкентте – 38 300 теңге (бұрын 29 300 теңге)
Ал ірі тұтынушылар мен майнинг компаниялары үшін баға бұдан да жоғары. Мысалы, Алматы мен Жетісу облыстарында мың текше метр газ 76 686 теңге тұрады. Астанада – 72 846 теңге, ал ең төмен баға Шығыс Қазақстанда – 13 069 теңге.
Энергетика министрлігі бұл шараны QazaqGaz ұлттық компаниясының шығындарын азайту үшін жасап отыр. Қазір бұл компания ішкі нарықтағы арзан газдың шығынын экспорт арқылы өтеп отыр. Бағаны өсіру арқылы төрт жылда бұл шығындар жойылады деп жоспарланған.