Жаңалықтар

Сәтбаевта қыз зорламақ болған ер адам ұсталды

алаяқ
Сәтбаевта қыз зорламақ болған ер адам ұсталды / фото: shutterstock

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласында ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде жас қызға шабуыл жасады. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бейнежазбада қыздың кіреберіске кіріп бара жатқаны, артынан ер адамның жүгіріп кіріп, қызды ұстап алып, баспалдақтан итеріп жібергені анық көрінеді. Қыз айқайлай бастаған соң, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Шудың әсерінен бірінші қабаттағы пәтер тұрғыны сыртқа шығып, күдіктінің артынан далаға жүгіріп қуа жөнеліді.

Ұлытау облысының полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жедел іздестіру барысында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп отыр, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.