«Шымбұлақ» тау курортындағы арқан жолдары 2 маусымға дейін жұмыс істемейді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Шымбұлaқ» арқан жолдары 2 маусымға дейін жұмыс істемейді / фото: архив kursiv.media

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты арқан жолдарының уақытша жабылатыны жөнінде ескерту жасады.

Курорт әкімшілігінің мәліметінше, 24 мамыр күні ККД-4 канат жолы жұмыс істемейді. Ал «Медеу–Шымбұлақ», «Комби-1» және «Комби-2» бағыттарындағы канат жолдары 2 маусымға дейін профилактикалық жұмыстарға байланысты уақытша жабылады.

Сонымен қатар 24 мамыр күні сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін курортқа апаратын автокөлік жолы толықтай жабылады. Бұл уақыт аралығында көлікпен курортқа бару немесе қайту мүмкін болмайды.

Курорт әкімшілігі қала тұрғындары мен қонақтарын аталған шектеулерді ескеріп, өз демалыс алдын ала жоспарлауға шақырады.

Айта кетейік, «Шымбұлақ» жазғы маусымын 2 маусым күні ашады.

Сондай-ақ оқыңыз