АҚШ-та жеке ұшақ тұрғын үйлердің үстіне құлады

АҚШ-тың Калифорния штатының Сан-Диего қаласында жеке ұшақ тұрғын үйлердің үстіне құлады. Апттан қанша адамның қаза тапқаны туралы ақпарат әлі нақтыланбады.
Десе де, жергілікті Sound Talent Group музыкалық компаниясы Cessna 550 жеке ұшағында музыкалық агент Дэйв Шапиро мен оның екі әріптесі болғанын хабарлады.
Ал АҚШ федералдық авиация басқармасы ұшақта алты адам болғанын мәлімдеген.
Апат себебі
Сан Диего полициясы жерде адам шығыны жоқ екенін хабарлаған. Бірақ бір адамның жарақат алғаны айтылады. Апаттан 10 үй зардап шегіп, біреуі толығымен қираған. Көшеде тұрған біраз көлік отқа оранған.
Билік қаза тапқандардың нақты саны мен аты-жөнін әлі атамаған.
Полиция қала маңындағы елдімекеннен 100 шақты адамды эвакуациялаған.
Алдын-ала болжам бойынша апатқа ұшақтың электр желілеріне соғылуы себеп болған.
Ұшақты Дейв Шапироының өзі басқарған болуы мүмкін. Оның 15 жылдық тәжірибесі болғаны туралы айтылады.