Гарвардта 17 қазақстандық оқып жатыр, оның 7-і «Болашақпен» барған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Гарвардта Қазақстанның 17 студенті оқиды / Фото: Reuters; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Трамп шетел студенттерін оқыту құқығынан айырған Гарвардта «Болашақ» бағдарламасымен 7 қазақстандық оқып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев хабарлады.

«Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвардта 7 адам білім алуда. Басқа бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет бізде жоқ», – деп хабарлады ол.

Гарвард универсиеті 17 қазақстандық оқып жатққанын хабарлады

Қазақстанның нақты қанша студенті оқып жатқаны жөніндегі ақпаратты Гарвард универстеті жариялады. Оқу орнының Reuters-ке берген мәліметінде 17 қазақстандық студенттің білім алып жатқаны айтылған.

Орталық Азия елдері ішінде ең көп студент Қазақстаннан барған. Өзбекстаннан – 7, Қырғызстаннан – 2, Түркіменстанна -1 студент барған.

Басылым мәліметінше, университетте оқитын шетелдің студенттердің басым көпшілігі Қытай азаматтары. Оқу орнында бұл елдің 1390 студенті оқиды. Одан кейінгі орында 751 студентпен Канада және 578 студентпен Үндістан тұр.

Қытайлық студенттерді «қудалау»

Қытайдан келетін суденттердің көптігіне байланысты АҚШ билігі университетті «Қытай Коммунистік партиясымен ынтымақтасады» деп айыптап отыр. Гарвард мұндай айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеді. Өйткені дәл Гарвард секілді Кембридж университеті де Қытайдан келген көптеген студенттерге білім беріп келеді.

Қытайлық студенттер биліктің бұл қадамын басқаларға қарағанда, Қытай азаматтарын қудалау үшін жасалып отыр деп топшылайды.

«Менің ойымша, Қытай қауымдастығы басқа топтармен салыстырғанда көбірек қудаланып жатыр», – деп пікір білдірген басылымға Чжан атты студент.

Агенттік мәліметінше, АҚШ 2019 жылы 370 мыңға дейін студент оқыған. Бірақ екі елдің арасы суып кеткелі соңғы 5 жыл ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгеріп, 20224 жылы қытайлық студенттердің саны 277 000-ға дейін төмендеген.

Гарвард университеті 2024 жылы Қытай азаматтарының үлесі оқу орнында оқитын халықаралық студенттердің бестен бірін құрағанын хабарлаған.

Мәсленің мән-жайы

Айта кетсек, бүгін Трамптың Гарвард университетін шетелдік студенттерді оқыту құқығынан айрғаны туралы ақпарат тарады. Бұдан былай  оқу орны F және M санатындағы визалар үшін қажетті құжаттарды бере алмайды. Трамп университетті SEVP бағдарламасының сертификатынан айырды.

KursivMedia басылымы студенттердің ендігі жағдайы не боларын білу үшін Сыртқы істер министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігіне ресми сауал жолдады.

Сондай-ақ оқыңыз