Қандай фильмдер прокатқа шығарылмайды – министрлік өкілі түсіндірді

Елде заңға қайшы келетін фильмдердің прокатына рұқсат етілмейді. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпрат министрлігінің Мәдениет комитеті Кинематография басқармасының басшысы Ғани Мұратов айтты. Қырғыздың «46 түн» фильмі заң талаптарына қайшы болғаны себепті прокатқа шықпаған.
«Бізде наурыз айында бір фильм болды. Қырғыздың «46 түн деген фильмі». Жалпы кионаға қатысты заң Динсей мен отандық фильмдердің барлығына ортақ. Фильмде біздің заңнамамызға қайшы келетін тұстар болса, біз оған прокатқа арналған куәлік бермейміз», – деді Мұратов.
Айта кетейік,Мұратов айтқан қырғыз фильмі қазақ көрермендерінің төбе шашын тік тұрғызған болатын. Онда екрофилдік қылмыстар жасаған маньяк туралы баяндалған. Бұл фильмнің тәрбиелік мәні болмаған, сол үшін көрермен шағым түсіріп, туынды прокаттан алынып тасталды.
Министрлік өкілі бұдан басқа фильмнің прокаттан алынбағанын айтты.