Талдықорғанда жер сілкінді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Таразда тағы жер сілкінді
Талдықорғанда жер сілкінді / Фото: kursiv.media архив

Талдықорғанда жер сілкінді. Бұл туралы Еуропалық-жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығы сайтында жазылған.

Сайттағы ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 15:58-де тіркелген. Жер сілкінісінң ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 240 шақырым жерде орналасқан. Ал Талдықорған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырымда.

Талдықорған қаласының тұрғындары жер сілкінісінің қуатты болғанын айтып жатыр.

Ал сейсмологияллық сайттағы ақпаратта жер сілкінісің қуаты 4,6 балды құрағаны жазылған.

ТЖМ ақпараты

Жер сілкінісіне қатысты ТЖМ мәлімет берді.

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 мин жер сілкінісі тіркелді», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің қуаты Жетісу облысының өңірлерінде келесідей болған:

  • Талдықорган – 4.0 б.
  • Балпык-Би ауылы – 4.0 б.
  • Карабұлақ ауылы – 3.0 б.
  • Үштөбе қаласы – 3.0 б.
  • Текелі қаласы – 2.0 б.
  • Сарыөзек елдімекені – 2.0
Сондай-ақ оқыңыз