Тоқаев бірқатар елдердегі Қазақстан елшілерін ауыстырды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Елшілерін
Тоқаев бірқатар елдердегі қазақстан елшілерін ауыстырды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Президент бірқатар елдердегі Қазақстан елшілерін ауыстырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Енді Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қатар атқаратын болады.

Дәл осылайша Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқаратын Барлыбай Кәрімұлы Садықов Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарады. Садықов Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылған.

Оның орнына Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, Жалғас Жұмаұлы Әділбаев тағайындалған.

Ал Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы лауазымынан босатылған.

Орнына Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған.

Сондай-ақ оқыңыз