Алматы әкімдігі Нұрлан Смағұлов пен Сергей Каннан 80 млрд теңгеге автобус алмақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы әкімдігі Нұрлан Смағұлов пен Сергей Каннан 700 автобус алады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Алматы әкімдігі Нұрлан Смағұлов пен Сергей Каннан 700 автобус алады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы әкімдігі Нұрлан Смағұлов пен Сергей Каннан 80 млрд теңгеге автобустар сатып алғалы отыр. Тендер соңына жетті.

700 автобус

Bes media ақпаратына қарағанда, Алматыда мемлекеттік сатып алу аяқталды. Онда жаңа қоғамдық көліктерді жеткізу де бар. Тендерде 600 газбен жүретін автобус пен 100 электробустар көрсетілген. Ұзын-саны – 700 автобус.

Төрт лоттың үшеуі бойынша жеткізуші анықталып отыр.  Қорытынды бойынша, Алматы әкімдігі бұл көліктерді Нұрлан Смағұлов пен Сергей Каннан алмақ.

Әрқайсысы қанша тұрады?

Автобустардың ұзындығы – 12 және 18 метр. Ішінде климат-бақылау, пандус және бейнебақылау жүйесі болады. Әрқайсысының құны 173,5 млн теңге. Ал газбен жүретін қоғамдық көліктер біршама арзан. Бағасы – 100 млн-нан бастап 161 млн теңгеге дейін.

Иелері кімдер?

Жеткізушілер ретінде QazTehna және Hyundai Trans Auto анықталып отыр. Алғашқы компанияға Сергей Кан үлестес. Екіншісі Нұрлан Смағұловқа қарасты Astana Group-қа кіреді. Электробустар әлі өтінімді қарау кезеңінде тұр.

2024 жылдан бері бұл қоғамдық көліктерге техникалық қызмет көрсету өндірушілерге берілген. Ол жерде де осы екі тек көрінеді. Алматы әкімдігі Нұрлан Смағұлов пен Сергей Канмен  жұмыс істегенді жөн көреді екен.

Айта кететін жайт, көлік саны бойынша Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр.

Сондай-ақ оқыңыз