Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты тергеу қашан аяқталатыны белгілі болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ  туралы әзербайжан телеарнасы деректі фильм түсірді / Azamat Sarsenbayev/Reuters
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ туралы әзербайжан телеарнасы деректі фильм түсірді / Azamat Sarsenbayev/Reuters

Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты тергеу қашан аяқталатыны белгілі болды. Әңгіме әзербайдандық AZAL рейсі туралы болып отыр.

Ресей аспанында, Грозный қаласына қонуға беттеген Azerbaijan Airlines ұшағы атып түсірілген еді. Ақтау маңындағы бұл оқиға халықаралық дауға ұласты.

Апат бір жылдың ішінде тергеп-тексерілуі тиіс. Бұл халықаралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО стандарттары осыны көздейді.  

Тергеуге қазақстандық сарапшылар да қатысып отыр. Олар тергеудің екінші кезеңіне – жиналған материалдарды сараптауға көшкен. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

«Қазақстанның және басқа да елдердің мамандары Бакуге, Грозный мен Дондағы Ростовқа дәлелдермен жұмыс жүргізу үшін барып қайтты», – деді ол.  

Оның айтуынша, Ақтау маңында болған апатты тергеу 2025 жылы желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

Айта кететін жайт, 2024 жылы 25 желтоқсанда шұрық-тесік Embraer-190 ұшағы құлады. Апаттан 38 адам қаза тапты. Әзербайжан билігі Ресейді айыптады. Алғашқы да кінәсін мойындамағанымен, Ресей президенті Владимир Путин «ұшақтың Ресей аспанында бүлінгені» үшін кешірім сұрады. Әзербайжан Ресейге қарсы талап-арыз әзірлеп жатыр.

Әзербайжан телеарнасы апатқа ұшыраған ұшақ туралы деректі фильм түсірді.

Сондай-ақ оқыңыз