74 жастағы гинекологтың үстінен 92 әйел «зорлады» деп сотқа арызданды

74 жастағы гинекологтың үстінен 92 әйел «зорлады» деп сотқа арызданды. Іс Францияның астанасы Париждың маңы сотында қаралуда.
Le Monde ақпаратына қарағанда, 74 жастағы зейнеткер, доктор Фуок-Винь Тран он екі жылдан бері тағылған айыптарды жоққа шығарып келеді.
130 шағым түскен
Осы уақытқа дейін оның үстінен 130 әйел шағым түсірген. Оқиға 2003 – 2015 жылдар аралығында болған. Француз әйелдерінің айтуынша, гинеколог ретінде кәсіби медициналық қарау кезінде ол сексуалды әрекеттерге көшеді екен.
Әйелдердің дені оның қимыл-қозғалыстары мен сөздері емдеуге, қарауға мүлде ұқсамағанын айтқан. Тіпті, оның «ләззат алып жатқанын» байқағандар да бар. Сот барысында талап-арыз иелері бұған қатты таңырқағанын айтқан. Не болғанын ұқпай да қалыпты.
Сондықтан олар гинекологтың үстінен шағымданып, қылмыс жасады деп күдіктенген.
«Доктор тек өз жұмысын істеді»
Десе де, гинекологтың адвокаты Жан Шевай тағылған айыптарды жоққа шығарды.
«Доктор Тран тек өз жұмысын істеді. Ол ешкімді зорлаған жоқ», – дейді адвокат гинекологтың үстінен сотталған айыптармен келіспей.
Оның айтуынша, гиноколог пациенттің тынығуы үшін санын жеңіл шапалақтаған. Сол үшін жыныстық қысым деген айып тағылып отыр.
«Бәрін нәзік жасаймын»
Тергеу кезінде доктор Траннан он рет жауап алынған. Ол өзінің жұмсақ адам екенін, пациенттердің жайлылығына мән бергенін алға тартыпты. Гинекологтың үстінен тағылған айыптарды өзі теріске шығарған.
«Бұл – менің табиғатым, мен бәрін мұқият әрі нәзіктікпен жасаймын», – деп түсіндірген гинеколог.
Сондай-ақ, ол тергеу барысында теориялық негізі қаланбаған «азиялық әдісті» қолданғанын да мәлімдеген.
Айта кететін жайт, Қазақстанда әйелдердің тек 37%-ы гинекологтардың 6 айда 1 рет профилактикалық тексеруден өту туралы ұсынысын қабыл алады екен.