Ұлыбритания химиялық жолмен піштіру арқылы түрмедегілердің санын азайтпақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Піштіру мұндай қылмыстардың қайталануын 60 пайызға дейін төмендетеді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Піштіру мұндай қылмыстардың қайталануын 60 пайызға дейін төмендетеді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлыбританияда зорлық жасаған қылмыскерлер химиялық жолмен піштіру жазасы қолданылмақ. Бұл үшін түрлі дәрі-дәрмек қолданылады.

CNN ақпаратына қарағанда, елдің билігі осы арқылы қылмыстың қайталануына жол бермеуді көздеп отыр.

Оның үстіне, түрмелерде орын жетіспей жатыр. Англия мен Уэльсте соңғы отыз жылда түрмеде отырған адамдардың саны екі есе артқан. 90 мың адамға жетіп отыр.

Ұлыбританияның әділет министрі Шабан Махмұд екі аймақтағы 20 түрмеде химиялық піштіру қолданылатыны туралы хабарлады. Сонымен қатар, бұдан былай ол міндетті шара болуы да ықтимал.

Шабан Махмұдтың айтуынша, химиялық піштіру қылмыстардың қайталануын 60 пайызға дейін төмендетеді.

Айта кететін жайт, Германия мен Данияда мұндай амал ерікті түрде қолданылады. Яғни, қылмыскердің өзі қаласа ғана. Ал Польша да міндетті түрде қолданылады.

Айта кететін жайт, Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация тағайындайтын арнайы сараптама енгізілмек.

Сондай-ақ оқыңыз