Алматыда 35 шақырымдық шаңғы трассасы салынады

Алматыда шаңғы тебуді жаңадан бастаушыларға арналған 35 шақырымнан астам шаңғы трассасы салынады. Онда, тіпті, мүгедектер де сырғамақ.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұд жөнінде Almaty SuperSki жобасының жетекшісі Томас Тор Йенсен мәлімдеген. Бұл жоба
Алматыда жаңа тау шаңғысы курортын салу аясында іске асырылмақ.
«Бүгінде біз осындай тау шаңғысы курорттарын салып жатырмыз. Олар баршаға қолжетімді болуы керек. Солай болады да. Көтергіштер еңістің төменгі жағынан шыңға көтерілу кезінде – балалар, ересектер және мүгедектігі бар жандар пайдалана алатындай етіп ұйымдастырылған»,
— деді ол.
Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру кезінде табиғатты сақтауға басымдық беріледі.
«Көтергіштер мен трассаларды салу кезінде табиғи ортаны бұзбау мақсатында қазу жұмыстарын барынша азайтамыз», – дейді Томас Тор Йенсен.
Айта кететін жайт, туристік брендтермен аты шыққан PGI Management компаниясы Алматыда тау туризмін дамытуға көмектеспек.