
Apple 2026 жылы «ақылды» көзілдірік шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасаған Bloomberg хабарлайды.
Оларда камера, микрофон және динамика да болады. Сол құрылғылар арқылы сыртқы ортаны талдап, Siri дыбыстық көмекшісінен сауал қабылдайды. Девайс телефон қоңырауларын қабылдап, музыка ойнатып, тіпті аударма жасай алады.
Bloomberg дерегінше, Apple-дің жаңа гаджеті Meta компаниясының Ray-Ban смарт-көзілдіріктеріне ұқсас болады, бірақ «одан да жақсы» шығады деген болжам бар.
Осыған дейін Apple екі бүктелетін алғашқы iPhone смартфонын шығаратыны жайлы хабарлаған еді. Одан бөлек қаңқасы әйнектен жасалған жаңа смартфонды да таныстырмақшы.