Louis Vuitton иесі Еуропадағы ең қымбат компаниялар қатарынан шығып қалды

Louis Vuitton және Christian Dior брендтеріне иелік ететін люкс сегментіндегі LVMH холдингі Еуропадағы ең қымбат компаниялар қатарынан шығып қалды. Жыл басынан бері бұл компания акцияларының құны 25%-ға төмендеген.
Бұл – 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысынан бергі ең нашар динамика. Ал LVMH-ті Hermès және Richemont (Cartier иесі) озып жатыр. Hermès акциясы биыл 5%-ға, ал Richemont құнды қағаздары 16%-ға өскен.
Бұған Қытайдағы сұраныстың төмендеуі мен сауда соғысына қатысты алаңдаушылық себеп болып отыр. Бірақ Wall Street-тің сарапшылары LVMH акцияларын сату керек деген кеңес беріп отырған жоқ.
2023 жылы LVMH әлемдегі ең қымбат 10 компания қатарына кіріп, капитал жағынан Meta Platforms (Facebook пен Instagram-ның иесі) компаниясымен бәсекелес болған.
Қазір люкс-сегменттер нарығындағы ең қымбат компания – Hermès. Брендтің құны 10 мың доллар тұратын Birkin және Kelly сөмкелерінің өндірісі жыл сайын 6-7%-ға ұлғайтып отыр.