«Қазақстан орнықтылық қоры» 10 млрд теңгеге облигация орналастырды

«Қазақстанның орнықтылық қоры» 10,9 млрд теңгеге облигация орналастырды. Бұл турал Қазақстан қор биржасында жазылған. Облигациялар жылдық 16,45% орташа табыстылықпен сатылды.
Саудаға 3 қатысушы белсенді өтінім беріп, сұраныс 92,7% деңгейінде болды. Қатысушылардың 72,5%-ы – банктер, ал 27,5%-ы – басқа институционалдық инвесторлар. Облигациялардың өтелу мерзімі – 340 күн, жылдық купон мөлшерлемесі – 12,5%.
Орналастырушы агент ретінде «Еуразиялық Капитал» АҚ қызмет көрсетті.
Осыған дейін былтыр күзде «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ қор биржасына 446 млрд теңгеге облигация шығарған еді.
«Қазақстанның орнықтылық қоры» – Ұлттық Банк еншілес ұйымының міндеті. Ипотекалық тұрғын үй заемін жүзеге асыру, несиелеу механизміне қатысу мақсатында жұмыс істейді.