Жаңа тренд: әлемде Labubu ойыншықтарына талас болып жатыр

Жарияланды 23 Мамыр 2025 10:49

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Labubu ойыншықтары
Labubu ойыншықтары / Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдағы ең танымал ойыншықтың бірі – Labubu жұмсақ фигуралар. Чикаго, Амстердам сияқты ірі қалаларда Labubu-ды алғысы келетіндер дүкендер алдына кезекке тұрған. Ал Ұлыбритания үлкен кезектен тіпті ойыншық сатылымын тоқтатқан.

Лабубу ойыншықтары — соңғы жылдары TikTok пен Instagram-да вирусқа айналған коллекциялық фигуралар. Оларды Toy City мен POP MART сияқты танымал дизайнерлік ойыншық өндірушілері шығарған.

«Біз жақсы көретін Labubu-ларға деген сұраныс артуына байланысты дүкендер мен Roboshop автоматтарының алдында ұзын-сонар кезектер пайда болды. Келушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін жұмсақ ойыншықтар сатуды уақытша тоқтатып отырмыз», – деп жазды компания өзінің Instagram парақшасында.

Labubu – былтыр Азияда танымал бола бастады, ал биыл наурыз-сәуір айларында әлем бойынша сатылымы ең жоғары өсім тіркелді. Blackpink тобындағы вокалист Лиса, Рианна мен Дуа Липа сияқты жұлдыздар Labubu ойыншығын сөмкелеріне тағып, жиі көпшілік алдына шығады. Жұлдыздардың жарнамасынан кейін ойыншыққа деген сұраныс та арта түсті.

Ойыншық бағасы – 10-30 доллар. Ал сирек кездесетін коллекциялары 200-300 долларға дейін жетеді. Ресейде 20 күн ішінде Wildberries арқылы 8 мың Labubu ойыншығы сатылған, оған 7 млн рубль немесе 35 млн теңге жұмсалған.

Ал осы жақында миграциялық заңнаманы бұзды деген Нұрлан Сабуровтың жұбайы парақшасында 120 мың рубльге трендтегі ойыншықтарды сатып алғанын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз