OnlyFans порно-платформасы 8 млрд долларға сатылуы мүмкін

OnlyFans қожайыны Fenix International Ltd порно өндірісіне қатысы бар платформаны сату жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Reuters мәліметінше, компания инвесторлар тобына шамамен 8 млрд долларға сатылуы мүмкін.
Мәліметті агенттіктің келіссөздерге қатысы бар үш дереккөзі айтты. Инвесторлар тобын Лос-Анджелестегі инвестициялық фирма басқарады. Reuters олардың нақты қай инвестор екенін анықтай алмады.
OnlyFans 2019 жылы коронавирус індеті кезінде танымал онлайн-платформаға айналды. Порно-платформа ашық видео түсірушілерге қызметті қолданушылардан ақы алуға мүмкіндік береді. Ал OnlyFans түскен табыстың 20%-ын өзіне қалдырып отырады.
Мәліметтерге қарағанда, компания 2023 жылы 6,6 млрд доллар табыс тапқан. Оның таза табысы бірден 375 млн долларға артқан. Инвесторлар соған қызығып отыр. Кейінгі бірнеше айда Лондондағы компания OnlyFans платформасын сатып алғысы келетін бірнеше үміткер тапқан.
Компанияның жалғыз акционері – америкалық украин Леонид Радвинский. Ол платформаны 2018 жылы сатып алған. Кейінгі үш жылда кәсіпкер жыл сайын кем дегенде 1 млрд доллар дивиденд алып отырған.
Ескерте кететін маңызды бір жайт, АҚШ полициясы мен сот хаттамаларында 2019 жылы сайтта зорлық-зомбылыққа қатысы бар материалдар жарияланғаны тіркелген.
Reuters-тің осы мәселеге қатысты арнайы зерттеуі 2024 жылы жарияланған. Агенттік ересектерге арналған ресурсқа байланысты біренеше репортаж дайындаған. Солардың бірінде «жыртқыштар табыс табу үшін балаларды да пайдаланаты» сөз болған. Reuters-тің порно-империя туралы материалдары жеті бөлімнен тұрады.