Оңтүстік Африкада 300-ге жуық кенші алтын кеніш астында қалды

Оңтүстік Африка полициясы алтын кен орны астында қалып қойған 289 кеншіні құтқаруға тырысып жатыр. Олар кешелі бері жер астында көмік күтіп отырған болуы мүмкін. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Алтын өндіретін кеніш Йоханнесбург қаласына жақын маңдағы Клоф деп аталатын өңірде орналасқан. Өндіріс Sibanye Stillwater компаниясына тиесілі.
«Клуф 7 шахтасында оқыс оқиға болғанын растаймыз. Қазір біз шахтаны тексеріп, оның қауіпсіздігін бағалаумен айналысып жатырмыз. Содан кейін қызметкерлерді жер бетіне шығарамыз», – дейді Sibanye өкілі.
Компания мәліметінше, жұмысшылардың бәрі қауіпсіз жерде отыр. Компания оларға азық-түлік жеткізіп беріп тұр.
Бұған дейін Ұлттық кеншілер кәсіподағы бейсенбі күні сағат 22.00 шамасында болған оқыс оқиға туралы естігенін хабарлаған.
Reuters мәліметінше, Оңтүстік Африкадағы шахталарда апат жиі болып тұрады. Мұнда әлемдегі ең терең алтын шахталары орналасқан. Биыл осы елдегі заңсыз алтын шахталардың бірінде 78 адам қаза тапқан. Өйткені полиция оларға су мен азық-түлік жеткізуді доғарған. Билік заңсыз алтын өндірісімен осылай күреспек.
Sibanye – Йоханнесбург маңындағы алтын кен орнындарын игеретін тау-кен компаниясы. Оның иелігінідегі Клоф 7 кен орнында шамамен 3200 метр тереңдіктен алтын өндіріледі.