Geely Galaxy M9 кроссоверінің алғашқы суреттерін жариялады

Жарияланды 23 Мамыр 2025 12:30

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Geely Galaxy M9 2025 жылдың соңына дейін сатылымға шығады деп күтілуде / Фото: cnevpost.com

Geely компаниясы 2025 жылғы Galaxy M9 кроссоверінің ресми фотосуреттерін жариялады. Автокөліктің әлемдік тұсаукесері Италияның Милан қаласында өтті. Жаңа модель алты орынды салонымен, Qianli Haohan деп аталатын жүргізушіге көмек беру жүйесімен жабдықталып, Geely Galaxy брендінің флагмандық үлгісіне айналмақ. Кроссовер 2025 жылдың соңына дейін сатылымға шығарылады деп күтілуде.

Көліктің сыртқы дизайны жайлы

Автомобильдің дизайнына келер болсақ, алдыңғы бөлігінде жабық радиатор торы мен шеңбер түріндегі жарық элементтері орналасқан. Кроссовер жарық шымылдықтарымен, салқындату торларымен және лазерлік радармен жабдықталған.

Фото: cnevpost.com

Жанынан қарағанда, Geely Galaxy M9 дәстүрлі есік тұтқаларымен, сәл көтеріңкі доңғалақ доғаларымен және ерекше көп спицалы дискілерімен ерекшеленеді. Төбесі түзу болғандықтан, салон кең әрі жайлы болатыны байқалады.

Ішкі салоныны несімен ерекше

Ресми түрде ішкі салоны әлі көрсетілмеді, дегенмен бұған дейінгі «бейресми түрде тыңшылар» түсірген фотолардан жіңішке цифрлық құралдар панелі, үлкен мультимедиа және HUD проекциялық дисплейі бар екенін көруге болады.

Фото: cnevpost.com

Автокөлік толық функциялы жасанды интеллектпен жабдықталған Qianli Haohan көмекші жүйесімен қамтамасыз етілген. Көлік GEA атты энергетикалық архитектура негізінде жасалған.

Geely Galaxy M9 — брендін Еуропа нарығына шығару жоспары да жариялануы мүмкін.

айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстанда Қытай автокөліктеріне деген сұраныс айтарлықтай артты. Алайда көлік иелерінің барлығы бірдей бұл трендке ілеспеген. Threads әлеуметтік желісінде қазақстандық жүргізушілер өз тәжірибесіне сүйене отырып, ең сенімсіз деп есептейтін қытай көліктерін атады. Сын садағына Geely Emgrand, Chery Tiggo 2 және Jetour X70 ілінді.  Geely Emgrand иелері беріліс қорабының дұрыс жұмыс істемейтінін айтып шағымданған.

Сондай-ақ оқыңыз