
Жазғы демалыс кезеңі басталып жатыр, бұл уақытта шетелге шығу жоспарланған болса, келеңсіз жағдайға тап болмас үшін қазақстандықтар ең алдымен паспорттарының қолданылу мерзімін тексеріп алғаны абзал. Өйткені кейбір елдерге кіру үшін паспорт қолданылу мерзімінің бітуінен кемі 6 ай бұрын ауыстырылуы керек. Ал алғаш рет шетелге шығатындар үшін төлқұжат алу – маңызды қадам. Төлқұжат жасату қанша теңге тұрады және оған қандай құжаттар қажет? Kursiv.media осы сауалдарға жауап іздеп көрді.
Төлқұжаттың жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріңіз
Сапарға шығар алдында шетелдік паспортыңыздың мерзімі кемінде 6 айға жарамды екеніне көз жеткізіңіз. Егер мерзімі аяқталуға жақын болса, құжатты алдын ала ауыстырған дұрыс. Айта кетейік, 2025 жылдан бастап азаматтарға паспорт мерзімінің аяқталуы туралы SMS-хабарламалар жіберу жүйесі енгізіледі.
Шетелге шығу төлқұжатын алу үшін қандай құжаттар қажет:
- Жеке куәлік
- Мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек
- Өтініш-анкета
- Соттылығы жоқтығы туралы анықтама (eGov арқылы автоматты түрде сұратылады)
Құжат тапсыру жолдары:
Құжаттарды тапсырудың екі жолы бар. Біріншісі – Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып, сол жерде биометриялық суретке түсіру. Екіншісі – eGov порталы арқылы онлайн түрде анкета толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп, мемлекеттік баж салығын төлеу. Содан кейін ХҚКО-ға фотоға түсуге жазылу қажет.
Паспортты стандартты рәсімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні, ал шұғыл түрде тапсырылған жағдайда 1–3 жұмыс күні ішінде дайын болады.
2025 жылы шетелдік паспорт құны ересектерге – 8 АЕК-ті (31 456 теңге) құрайды.
Балаға шетелдік төлқұжат алу үшін не қажет?
16 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат алу үшін құжаттар тізімі:
- Туу туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме)
- Ата-ананың жеке куәлігі
- Екінші ата-ананың куәлігінің көшірмесі (бар болса)
- Мемлекеттік баж төлемі
- Екінші ата-ананың нотариалды келісімі (егер болмаған жағдайда)
- Баланың суреті фотоға жеке қатысуы керек (ХҚКО-да берген кезде фотосурет сол жерде түсіріледі)
Балалар паспорты 2025 жылы 4 АЕК (15 728 теңге) мөлшерінде және 15 жұмыс күніне дейін созылады.
Айта кетейік, шетелге шығу төлқұжатын тіркелген мекенжайға қарамастан кез келген ХҚКО-да алуға болады. Көпбалалы аналар («Алтын алқа», «Күміс алқа»), мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім балалар үшін төлқұжат тегін беріледі.