Досаев Алматы әкімі лауазымынан босатылды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Досаев Алматы әкімі лауазымынан босатылды / Фото: kursiv.media архив

Президент Ерболат Досаевты Алматы әкімі лауазымынан босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Досаевтың  Алматы әкімдігінің басшылығына келгеніне 3 жылдан асқан болатын. Ол қалаға Бақытжан Сағынтаевтың орнына, 2022 жылы «Қанды қаңтар» оқиғасынан кейін келген.

Айта кетсек, кеше 23 мамырда Досаевтың қызмететінен кететіні туралы ақпарат тарай бастады. Алматы әкімдігі қала әкімін сайлау үшін мәслихат депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлады. Мәслихат депутаттары әкімді бүгін сағат 12:00-де сайлайды.

Сондай-ақ оқыңыз